рус қаз
Меню
Жаңалықтар

15.12.2018
Қарағайлы кентінде жанар-жағармай бекеті ашылды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында елдің тұрмыс-жайын түзету жөнінде тапсырма берген  болатын. Сол тапсырмалардың легі Қарқаралы ауданында орындалып жатыр. Он айдың ішінде экономикалық көрсеткіш 44 млрд-қа, яғни 104 пайызға артық орындалған болатын. Қарағайлы кенті кен өндіру орындарына жатады. Біздің елдімекенде үш кен өндіру орны бар. Бұның өзін де 126 пайызға орындалып отыр. Елбасының берген тапсырмаларының бірі ол – шағын кәсіпкерлікті қолдау, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасында қазіргі уақытта 108 пайызға орындап, ауданымызда 253 жаңа кәсіпкерлер тркелген. Бұл – жұмыссыздық деңгейінің жойылғандығы болып табылады. Жұмыссыздық дегейі 5 пайыздан 3,5 пайызға азайып отыр.  Осының бәрі Елбасының салиқалы саясатының арқасында деп білеміз.

Қарағайлы кентінде халықтың игілігіне арналған Қазмұнайгаз жанар-жағармай бекеті бой көтерді. 45 млн теңгеге  «Казпром Бизнес» мекемесі осыдан 2 жыл бұрын жерді алып, құрылысты бастаған болатын. Бүгінде бекеттің құрылысы бітіп, ел игілігіне берілді. Андрей Петренконың басшылығымен салынған  жанар-жағармай бекетінде АИ-92 дизтоплива жанармайдың түрлері  және автокөлік жүргізушілерінге арналған дүкен де жақында іске қосылмақ. Сонымен қатар 5 адамды да осы жерге жұмысқа тартып отыр.


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»