рус қаз
Меню
Жаңалықтар

15.12.2018
Фермерлер одағының филиалы құрылды

Бүгінгі таңда ауылшаруашылық саласын дамыту мемлекеттің басты ұстанымы. Яғни, мемлекеттік бағдарламаларды орындай отырып, жеке меншік шаруашылықтардағы мал басын асылдандыру, шаруақожалық иелерінің несие мәселелерін реттеу, субсидия төлеу және олардың құқықтары секілді толып жатқан мәселелер күн тәртібінен әсте түскен емес. Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі Қ.М.Мақсұтовтың төрағалығымен «Қазақстан Фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.М.Өмірзақов, «Қазақстан Фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, «Шанс» шаруақожалығының басшысы И.В.Жабяк, осы филиалдың атқарушы директоры С.Ш.Бименов, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары М.Т.Бейсенғалиева, сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері, ауылшаруашылық құрылым өкілдері, тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары жиынға қатысты.

 Ауылшаруашылығының  жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға артып, 22,3 млрд теңгені құраған. Мал басын өсіру мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштері де орындалған. «Сыбаға» несиелік бағдарламасымен 14 шаруа қожалығы 1028 басқа өтінім беріп, 10 шаруақожалық құрылымдары шет елден 618 бас ірі қара сатып алуға 335,3 млн теңгеге қаражаттары шешілген. Ағымдағы жылғы 11 айдың нәтижесі бойынша сиыр етін экспорттау көлемі 199,0 тонна, қой етін экспорттау көлемі 38,0 тонна, барлығы 237 тоннаны құраған. Келе- сіде сөз алған «Қазақстан Фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.М.Өмірзақов ауданымызға арнайы іс сапармен келгендегі басты міндеттеріне тоқталды. “Біздің ұйым қоғамдық ұйым болып 2003 жылы құрылған. Ұйым - ұсақ шаруалардың мүддесін қорғау,кеңейту мақсатында құрылған. Жиын барысында «Қазақстан Фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық филиалының төрағасы болып «Ынта» шаруа қожалығының басшысы А.Т.Елубаев, одақ филиалының мүшелері болып «Ата Мұра Табыс» ЖШС директоры С.Қ.Жұмаділов, «Асылан» шаруақожалығының басшысы Т.Ж.Даутов, «Жалықбас» шаруақожалығының басшысы М.Н.Баймағанбетов, «Наурыз» шаруақожалығының басшысы Б.Т.Жақыпханов, «Абылай» шаруа қожалығының басшысы А.Е.Мырзамбеков, жеке кәсіпкер «Атамекен» басшысы Қ.Сламбектер сайланды. Жиында біраз шаруақожалық басшылары мемлекеттік бағдарламамен мал алу барысында қиындықтардың туындап, соның бірі шет елден сатып алатын ірі қара малдарының ветеринариялық мәселелері дұрыс болмай тұрғандығы, үкіметтен беріліп отырған несиенің аздығы және малды тек шет елден ғана сатып алу керек деген міндеттің ауыр тиіп отырғандығын алға тартты. Малды неге өзіміздің еліміздегі шаруақожалықтарынан сатып алмасқа деген сауал туындады. Міне, осындай күрмеуі күрделі ауылшаруашылық мәселелері ортаға тасталған бұл жиын алдағы уақытта өз жемісін беріп, көтерілген проблемалар шешімін табады деген сенімдеміз.


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»