рус қаз
Меню
Жаңалықтар

28.12.2018
«Азаматтарға арналған үкімет» Қарағанды облысы бойынша 2018 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды

Қарағанды қаласы өңірлік коммуникация қызметінде «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының 2018 жылғы жұмысының нәтижесіне арналған қорытынды брифинг өтті. Онда  мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасарлары Кульмира Сүлейменова, Руслан Жақыпов, Елена Шарафутдинова және Айдар Амантаевтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы, облыс халқына зейнетақы және  әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер туралы, жылжымайтын мүлік, жер кадастры және техникалық қамсыздандыру жұмыстары жайлы айтып берді.

Мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Кульмира Сүлейменованың айтуынша, биылғы жылдың 12 айында 2,6 милионнан аса мемлекеттік қызмет  көрсетілді, 900 мыңнан аса қарағандылық ХҚО-да мемлекеттік қызметті өз бетінше алған. «Бүгінгі күні тізімде көрсетілген 741 мемлекеттік қызметтің 598-і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі, ал 454 қызмет электрондық форматта қолжетімді. Кез келген азамат электрондық қызметтерді үйінен шықпай-ақ немесе ХҚО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторлары арқылы ала алады», – деп қосты спикер.   

Айта кетейік, Қарағанды тұрғындары ХҚО-ға келуін азайтқан. Бұл халықтың цифрлық сауатының артқанын көрсетеді. Соңғы жылдың өзінде қарағандылықтар 345 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17% көп көрсеткіш.  

Сондай-ақ филиал директорының орынбасары Кульмира Сулейменованың  айтуынша, жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала тууына байланысты проактивті қызмет жобасын енгізген болатын. Ол арқылы туу туралы куәлігін рәсімдеуге болады. Ол үшін босанушы ананың ұялы телефон номері мен ЖСН-і мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

«2018 жылдың қазан айынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар үшін зейнетақы рәсімдеу тәртібі оңтайландырылған. Енді зейнетақы төлемдері бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚО арқылы көрсетіледі», – дейді мемлекеттік корпорация филиалының директор орынбасары Елена Шарафутдинова. 2018 жылы әлеуметтік-еңбек мемлекеттік қызмет стандарты бойынша мемлекеттік корпорацияның Қарағанды облысының филиалы арқылы 100 мың қызмет көрсетілді. Сонымен қатар директор орынбасары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы және әлеуметтік төлем көлемінің өсетіні туралы ақпаратпен бөлісті.

Мемлекеттік корпорацияның Қарағанды облысы бойынша филиал өкілдері таяу арада көші-қон қызметі мен цифрлық қызмет көрсету орталықтарының  ашылатыны жайлы айтты. Олардың ерекшелігі – ХҚО қызметінің толықтай автоматтандырылғандығында.


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»