рус қаз
Меню
Жаңалықтар

28.01.2019
Кезекті есеп беру жиындары жалғасын табуда. Аудан әкімі Қалел Мақсұтов аудан бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, Балқантау тұрғындардың сауал-өтініштерін тыңдады

Кезекті есеп беру жиындары жалғасын табуда. Аудан әкімі Қалел Мақсұтов аудан бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, Балқантау тұрғындардың сауал-өтініштерін тыңдады. Балқантауда Берік Кушенов ауылға интернет желісі қосылып, ұялы байланыс жүйесі қосылса деген ел тілегін жеткізсе, «Құт» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Мұқанов шаруашылыққа қосымша жер сұрады. Назар Жұмажанов күре жолдан ауылға апаратын 9 шақырымдық жолды жөндеуден өткізу мәселесін көтеріп, Қасымбек Шөкенов «Рухани жаңғыру» аясындағы жұмыстардың жүзеге асуы мен оны жалғастырудың жоспарын тілге тиек етті. Қырғыз ауылдық округінде Қуаныш Асқар ауыл жастарына спорттық алаң ашылса деген өтінішін ортаға салды. Тәттігүл Байшагирова бес елдімекенді қамтитын үлкен округта бір ғана полиция қызметкерінің аздық ететінін айтып, тағы бір штат беріліп, екі бірдей тәртіп сақшысы қызмет атқаруы жөн, дейді. Сонымен қатар, аудан басшысы жазбаша жолданған хатқа да жауап берді. Теміршіде Құрымбай Игіліков биылғы жарияланған «Жастар жылы» үстіміздегі жылмен ғана шектелмей, бұл бағыттағы жұмыстар әркезде жалғасса деген тілегін жолдады. Аудандық мәслихат депутаты Меруерт Кенжеғалиева 2002 жылы бе- рілген жедел жәрдем автокөлігінің ескіргенін, техниканы жаңалау қажеттігін айтты. Және ғимараты ескіріп, жөндеуге сұранып тұрған ауылдағы фельдшерлік амбулаториялық пункттің жайын ортаға салды. Жұмакүл Оразбекова №23 орта мектептің суықтығын ескертіп, жылуы жүйесі реттелсе, көмір сапасы жақсарса, бұл олқылық орнына келетінін жеткізді. Томар ауылында Нұрсылан Жағыпаров ауыз су мәселесін көтеріп, қазірде алып отырған су санитарлық талапқа сай еместігін айтты. Ауылда ағаш егу жұмыстары да кідіріп тұрғанын жеткізді. Және өзі ашқан жылыжай кәсібіне грант түрінде қолдау болса деген тілегін айтты. Бақты ауылында «Кешубай» шаруа қожалығының басшысы Аманғазы Стамқұлов жастарға ауылда спорттық алаң салынуын сұраса, клуб меңгерушісі Рауан Әріпов клубты жылытуға пештің қауқарсыздығын айтып, бір апталық жылу қазандығы қойылса деген тілегін білдірді. Ал Қоянды ауылында бүгінгі күнде Қарағандыда тұратын осы ауылдың тумасы Қалиев Нұрлыбек алдағы уақытта төрт отбасының ауылға көшіп келуге ниетті екенін, олардың музыкант, мұғалімдік мамандықтары бар екенін, ауылды көркейткісі келетіндерін айтып, осындай игі мақсаттарымен бөлісті. Және ауылдағы ескі ғимаратты өз күштерімен жөндеп, спорт зал ашпақ, соған күрес кілемін алуға көмек сұрады. Байланысшы Ернұр Нұрмақов болса, кең жолақты интернет жүйесін қосу мәселесін көтерді. Алтынай Исина ауылға көшіп келуге ниетте- ніп отырғандар бар, қазір 9 сыныпта 8 бала оқиды, демек алдағы уақытта жоғары сыныптарға қажеттілік туындайды, сондықтан 10-11 сыныптарды неге ашпасқа, осы мәселе шешілсе деген көпшілік тілегін ортаға салды. Сайран Нұрмақов клуб үйі жөнделсе, Қоянды- Егіндібұлақ жолы уақытылы қардан аршылып отырса деген тілегін жолдаса, Талғат Уәлиев жер мәселесі туралы сауалын қойды. Сапар Шәкірбеков «Жайма» шаруа қожалығы ауылға жем-бидаймен көмек берсе деген тілегін жолдап, бұған жиынға қатысқан қожалық жетекшісі Батыр Алдабергенов үлкен көлемде тапсырыс жасалса, жемді жүк көлігімен әкеліп, ауылға арзан бағамен сатуға даярлығын білдірді. Айтмұхамет Омаров болса, кейінгі уақытта ауылда жасалған игі жұмыстарды тізбелеп, осы шараларға ұйытқы болып отырған ауыл әкімі Рүстем Тактановқа ризашылығын айтты. Айта кетсек, бұл ауылға биыл Шымкенттен 10 отбасы көшіп келмекші. «Елге ел қосылса - құт» дегендей бұл да ауыл үшін қуанышты оқиға болатыны анық. М.Мамыраев ауылында Ринат Шаймұханбетов ауыл спортын дамытуға спорттық алаң салынса деген тілегін жеткізіп, Венера Мұқашева ауылшаруашылық жер сұрады. Барлық жолданған сауал-өтініштер жіті назарға алынып, тиісті жауаптары берілді.

 


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»