рус қаз
Меню
Жаңалықтар

13.02.2019
«Гром» құтқару операциясы

2019 жылдың 1 ақпанына қараған түні  сағат 02.17-де Қарқаралы ауданының ТЖ бөліміне Н.Абдиров ауылдық округінің   Жарлы ауылының аумағында адам жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. 

          2019 жылдың 01 ақпанында сағат  02.30-да  Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары  Мейрлан  Темирханович  Садуакасовтың басшылығымен оқиға орнына Қарақаралы ауданының ТЖ бөлімінің 2 қызметкері, Қарқаралы қаласының № 40 өртке қарсы бекетінен 1 адам, ЖАО 4 адам, Қарқаралы ауданының полиция бөлімінен 1 адам және жергілікті тұрғындардан 6 адам шықты.   Барлығы 4 техника бірлігі тартылды, соның ішінде 1 ГАЗ 66 (Кунг), 1 Нива, 1 қар үсті көлігі (Рысь), 1 Трекол (Вея) және 6 салт  атты адамдар тартылды.  

        Жүгінушінің сөзі бойынша  1963 ж.т  А.Тусупов  лақап аты «Гром»-деп аталатын   атымен 2019 жылдың 31 қаңтарында таңертең шамамен сағат 11.00-де мал бағу үшін үйінен шыққан, кейін шамамен сағат 20.00-де жұбайына телефон шалып үйге келе жатқандығын айтқан. Осы сөйлесуден кейін байланысқа шықпаған. 

        Азамат А.Тусуповты іздестіру 01.02.2019ж   сағат 03.30-да  басталып, 01.02.2019ж сағат 17.00-ге дейін жалғасты.

      2 топ құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында азамат А.Тусупов Жарлы ауылынан 30 километрдегі  Қараөлке қыстағынан табылды.  Азамат үйіне әкелінді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

 

         

 

Қарқаралы ауданының ТЖБ

аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Ж.Сериков

 


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»