рус қаз
Меню
Жаңалықтар

08.02.2019
Қазақстанда Жастар жылы!

Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы!» деп атады.

Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласында ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД Қарқаралы ауданы Төтенще жағдайлары бөлімі орналасқан. Табиғи және техногенді сипаттағы Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бөлімнің жұмысы болып табылады.

Сонымен қатар, Қарқаралы ауданында орналасқан объектілерде өрт қауіпсіздігі профилактикасын жүргізеді, осы Қарқаралы ауданының ТЖБ жас аға инженері аға лейтенант Сериков Жасулан Муратович жұмыс атқарады.

Ол 1993 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Еңбек ауылында туылған.

Мектепті бітіріп құтқарушы болу мақсатпен Қарағанды политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайлардан құтқару» мамандығын а оқуға түсті.  Колледжді аяқтағаннан соң оқуды жалғастыруға Ақмола облысы, Көкшетау қаласында орналасқан ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсті.

Оқу барысында 2015 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Астана қаласында өткен әскери парадқа қатысты, «Үздік құтқарушы» және «Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы» наградаларымен марапатталды, сондай-ақ Ақмола облысы Оразақ кентінде көктемгі су апатынан кейінгі Төтенше жағдайларды жоюына ат салысты.

4 жыл оқып Азаматтық қорғау командалық –тактикалық күштері мамандығы бойынша  әскери іс бакалавр дәрежесін алып, лейтенант әскери шені берілді.

2017 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасында Азаматтық қорғау бөлімінде офицер лауазымында жұмыс атқарды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД Қарқаралы ауданының Төтенше жағдайларының бөлімінде аға инжинері лауазымына тағайындалды.

Жұмыс барысында Азаматтық қорғау саласында 578 адам оқытты. Әр түрлі штабтық-командалық оқуларына, сондай-ақ Төтенше жағдайларды алдын алу және жою іс-шараларына қатысты.

2017 жылы Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін және қызметтік міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы қаланың әлеуметтік экономикалық дамуына, қоғамдық саяси өміріне және су тасқынын алдын алу бойынша іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін  Қарғанды қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды және Қарағанды қаласының көктемгі су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайларды жоюына белсене қатысты.

Жұбайы Ғалия дектерттік демалыста. Жанель атты қыздары өсіп келеді. Оның қызы Қазақстан Республикасына адал қызмет ететініне және өз кәсібін табады дегенге сенеді.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының ТЖБ және  №40 өрт сөндіру бөлімі, Егіндібұлақ аулының №41 өрт сөндіру бөлімінің ұжымының жұмысын атап өткім келеді.

Олар Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін бірлесе отырып адал қызмет атқаруда. Олар қуанышта да қайғыда да бірге. Қарқаралы ауданының спорттық өміріне белсенді араласуда.

Жасұлан Мұратұлы алға қойған мақсаттарына жетуіне және құтқарушы болуына қолдау көрсеткен ата-анасына алғыс білдіре отырып осы жұмыста орын табылғанына тағдырға алғыс білдіреді. Бұндай жұмыс әркімге бұйыра бермейді!

 

 

ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД

Қарқаралы ауданы ТЖБ

бастығының уақытша міндетін атқарушы

азаматтық қорғау капитаны

Ш. Нурсейтов 

 


Вернуться назад



© 2019 ГУ «Аппарат акима Каркаралинского района»
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»